Автор: ADMIN
2025 жылғы Нобель сыйлығы иегерлері: иммундық жүйенің құпиясын ашқан ғалымдар
Физиология және медицина саласындағы 2025 жылғы Нобель сыйлығының иегерлері жария етілді. Биыл беделді марапат ғалымдар Мэри Брунков, Фред Рамсделл және Шимон Сакагучиге берілді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Зерттеушілер ағзаны өз иммундық жүйесінің шабуылынан қорғайтын ерекше Т-жасушаларды анықтаған. Бұл жаңалық иммундық төзімділіктің қалай жұмыс істейтінін және неге көп адамдарда аутоиммундық аурулар дамымайтынын түсінуге мүмкіндік берді. Ғалымдардың жұмысы адам ағзасындағы қорғаныс тетіктерін зерттеуде жаңа дәуір ашты.
Нобель қорының мәліметінше, сыйлық медицина мен физиология саласында адамзатқа елеулі пайда әкелген ең үздік жаңалықтарға беріледі. Еске сала кетейік, бұл марапат алғаш рет өнертапқыш әрі кәсіпкер Альфред Нобельдің өсиеті бойынша тағайындалған. Ол өз байлығын “адамзатқа ең үлкен игілік әкелгендерге” беру туралы өсиет қалдырған еді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
558 سپورتسمەنوۆ, 35 ۆيدوۆ سپورتا: كازاحستان وتپراۆيلسيا نا ازيادۋ
Последние новости
558 sportşı, 35 sport türi: Qazaqstan Aziadağa attandı
558 سپورتشى, 35 سپورت تۇرى: قازاقستان ازياداعا اتتاندى
558 sportsmenov, 35 vidov sporta: Kazahstan otpravilsya na Aziadu