Автор: ADMIN
Алтынның құны тарихи межеден асты: әлем нарығы рекорд жаңартты
Comex тауар биржасында алтын бағасы бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетіп, бір унциясы 3 900 доллардан асты, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Бұл — қаржы нарығы тарихындағы ең жоғары баға. Сарапшылар мұны АҚШ үкіметі жұмысының уақытша тоқтау қаупімен және инвесторлардың “қауіпсіз активтерге” деген қызығушылығының артуымен байланыстырып отыр. Сонымен қатар, Федералды резервтік жүйенің пайыздық мөлшерлемелерді төмендетуі мүмкін деген болжам да баға өсуіне әсер еткен.
Дүниежүзілік алтын кеңесінің есебіне сәйкес, қазан айында Қазақстан Ұлттық банкі алтынды ең көп сатып алған елдердің көшін бастады. Онымен қатар Болгария мен Сальвадордың орталық банктері де белсенді түрде алтын қорын арттырған.
Ал Өзбекстанда, керісінше, 2025 жылдың қазан айында алтын тапшылығы байқалған. Елдің Орталық банкі мәліметінше, 3 қазанда астанадағы банктерде небәрі 17 құйма ғана қалған. Бұған дейін алтынның құны 3 800 доллардан асқаны хабарланған еді — ал бүгін бұл көрсеткіш жаңа рекорд орнатты.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Delo Janabılovıh napravleno v sud
Дело Жанабыловых направлено в суд
Последние новости
Delo Janabılovıh napravleno v sud
دەلو جانابىلوۆىح ناپراۆلەنو ۆ سۋد
Дело Жанабыловых направлено в суд