Автор: ADMIN
Мемлекет басшысы макроэкономикалық тұрақтылық мәселелеріне арналған жиын өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық даму сапасын арттыру және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Жиынға Премьер-министр, Президент Әкімшілігінің басшылығы, Ұлттық банктің төрағасы, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің жетекшілері мен Үкімет мүшелері қатысты.
Кеңес барысында макроэкономикалық орнықтылықты нығайту, азаматтардың әл-ауқатын көтеру және инфляция деңгейін төмендету шаралары қаралды.
Президент халықтың табысын жақсартуда саннан сапаға көшудің маңызды екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы орнықты дамыту үшін барлық жауапты мемлекеттік органдардың жүйелі жұмыс істеуі керек екенін айтты.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
داجە بەزرابوتنىي وبيازان پلاتيتь اليمەنتى
Jwmıssız adam da aliment töleuge mindetti
Последние новости
Jwmıssız adam da aliment töleuge mindetti
جۇمىسسىز ادام دا اليمەنت تولەۋگە مىندەتتى
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı