Автор: ADMIN
9 ТІЛ БІЛЕТІН ПОЛЯК ДИПЛОМАТЫ ҚАЗАҚША ДӘРІС ОҚЫДЫ
7 ақпан күні Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Польша Республикасының Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Михал Лабенда қазақ тілінде дәріс оқыды. Ол өзінің баяндамасын “Польшаның Еуропалық Одақ құрамындағы 20 жылдығы” тақырыбына арнады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Дәрістің қазақ тілінде өтуі көпшілікті таңғалдырды әрі ерекше әсер қалдырды. Михал Лабенда қазақ тілін еркін меңгерген, бұл оның тілге және мәдениетке деген құрметін көрсетеді. Дипломаттың пікірінше, тілді білу – сол халықтың мәдениеті мен рухын түсінудің негізгі жолы.
Айта кетейік, Михал Лабенда қазақ тіліне кездейсоқ қызықпаған. Ол 1999 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін Шығыстану мамандығы бойынша үздік аяқтаған. Дипломдық жұмысын “Араб тілінен қазақ тіліне бағыныңқы құрмалас сөйлемдердің аударма үлгілері” тақырыбында қорғаған.
Польша дипломаты қазақ тілінен бөлек әзербайжан, ағылшын, араб, неміс, орыс, өзбек және француз тілдерін де меңгерген.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
پرەزيدەنت: قازاقستان تسيفرلىق بولاشاققا نىق قادام باستى
تامىزدا قانشا كۇن دەمالامىز?
Тамызда қанша күн демаламыз?
Последние новости
Tamızda qanşa kün demalamız?
تامىزدا قانشا كۇن دەمالامىز?
Skol'ko dney mı otdıhaem v avguste?