Автор: ADMIN
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты
Президент Астана қаласындағы Ботаникалық саябақта ерікті және белсенді жастармен бірге ағаш екті. Жалпыұлттық іс-шара аясында биыл республика аумағында 2,4 миллионға жуық көшет отырғызылған, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Мемлекет басшысы Jasyl El ұйымының белсенділерімен әңгімелесіп, қоғамдық жұмысқа атсалысып жүрген жастарға алғыс айтты:
– Баршаңызға ризашылығымды білдіремін. Бұл – өте қажетті жұмыс. Еліміз бен халқымыз үшін керек іс. Сондықтан Сіздерге табыс тілеймін. Істеріңіз сәтті болсын. Ең алдымен ниетіміз таза болуы керек. Отанымыз үшін қызмет етуге тиіспіз. Jasyl El ұйымының жұмысын қолдаймын. Жұмыстарыңыз өзге жастарға өнеге, олар Сіздерден үлгі алады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы қала инфрақұрылымын жетілдіру, тұрғындарға заманауи әрі қолайлы, экологиялық тұрғыдан таза орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру жөнінде тапсырма берді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Prezident: Qazaqstan cifrlıq bolaşaqqa nıq qadam bastı
سكولьكو دنەي مى وتدىحاەم ۆ اۆگۋستە?
Prezident: Kazahstan uverenno dvijetsya k cifrovomu buduşemu
Последние новости
Tamızda qanşa kün demalamız?
تامىزدا قانشا كۇن دەمالامىز?
Skol'ko dney mı otdıhaem v avguste?