Автор: ADMIN
18 жастан кейін қолдау жүйесі үзіледі: «AMANAT» партиясы кешенді шешім әзірлеуді талап етті
Соңғы 15 жылда елімізде мүмкіндігі шектеулі балалардың саны екі еседен астам өсіп, бүгінде шамамен 117 мыңға жетті. Олардың ішінде 11,8 мыңы – аутизм спектріндегі бұзылыстары бар балалар. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға уақтылы және сапалы көмек көрсету мәселесі «AMANAT» партиясы жанындағы Мүгедектігі бар адамдардың инклюзиясы жөніндегі республикалық кеңестің отырысында қаралды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Жиында талқыланғанған негізгі бағыттардың бірі – ерте араласу жүйесін дамыту. Бүгінде елімізде «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында ашылған 200-ден астам орталық жұмыс істейді. Бұл орталықтардың міндеті – баланың даму ерекшеліктерін ерте кезден анықтап, кешенді қолдау көрсету.
Осы ретте партия хатшысы Шолпан Каринова білім және денсаулық сақтау салалары арасындағы өзара нәтижелі жұмыстың жеткіліксіздігі салдарынан жүйенің тиімділігі төмендегенін атап өтті.
«Білім және денсаулық сақтау ведомстволары арасында өзара жұмыс жүйелі жүргізілмегендіктен, балалар қажетті көмекті уақытында ала алмай отыр. Біз әр балаға балабақшадан бастап мектепке дейін және одан кейін де жеке қолдау көрсету жүйесіне көшуіміз керек. Кем дегенде пилоттық режимде қолданысқа енгізу керек. Сонда ғана әр баланың әлеуметтік бейімделуін және жеке тұлға ретінде дамуын байқай аламыз», – деді ол.
Өз кезегінде Мәжіліс депутаты, Кеңес төрағасының орынбасары Наталья Дементьева ата-аналардан келіп түсетін шағымдардың көп екенін атап өтті.
Отырыстың қорытындысы бойынша Кеңес ерекше балаларды қолдаудың қолжетімді түрлерін дамыту жөнінде бірқатар ұсыныстар айтты. Атап айтқанда, оңалту орталықтарына балама ретінде психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің желісін кеңейту, аутизм спектріндегі балаларға арналған күндізгі бейімдеу мүмкіндігін қарастыру, білім беру бағдарламаларын жетілдіру және мінез-құлық талдаушысы мамандығын енгізу ұсынылды. Сонымен қатар қатысушылар қазақ тіліндегі оқу-әдістемелік материалдардың тапшылығын және шағын жеке орталықтардың қаржылық тұрақсыздығын да көтерді. Барлық ұсыныстар жинақталып, «AMANAT» партиясы тарапынан бақылауға алынды.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
28 قازان – حالىقارالىق انيماتسييا كۇنى
Jürgizuşi kuäligin alu tärtibi özgerdi
Жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгерді
Последние новости
Jürgizuşi kuäligin alu tärtibi özgerdi
جۇرگىزۋشى كۋالىگىن الۋ تارتىبى وزگەردى
Изменены порядок оформления водительского удостоверения