Автор: ADMIN
Алтын Орда тарихы туралы қате түсініктерді жоятын кез келді - Жақсылық Сәбитов
Белгілі тарихшы Жақсылық Сәбитов Алтын Орда тарихы туралы қате түсініктерді түзеп, жаңа кітап жазатынын айтты. Ол қазіргі оқулықтарда әлі күнге дейін XIX ғасырдан қалған қателер барын айтады, деп хабарлайды Shalqar.kz
Мәселен, 1830 жылдары Ресей ғылым академиясы Алтын Орда тарихы туралы ең үздік кітап жазуға байқау жариялаған. Байқауға жалғыз қатысушы австриялық шығыстанушы Йозеф фон Хаммер-Пургшталь болған.
Айта кетейік, тарихшымен кездесуді MARWIN/Meloman дүкендер желісі ұйымдастырды. Жыл сайын мыңдаған оқырманды біріктіретін BOOKFEST биыл да ауқымды бағдарлама ұсынып отыр:
— үздік кітаптар жеңілдікті бағамен;
— сыйлықтар мен тосынсыйлар ұтыстары;
— отандық және шетелдік авторлармен кездесулер;
— танымал кәсіпкерлермен ашық сұхбаттар;
— шеберлік сағаттары, дәрістер және автограф-сессиялар.
Фестиваль аясында әртүрлі жастағы, түрлі қызығушылықтағы адамдарды біріктіретін үлкен әдеби алаң қалыптасады. Оның басты мақсаты – оқырмандарды әлемдік әдеби жауһарлармен таныстыру, оқу мәдениетін күнделікті өмір салтына айналдыру және отандық авторларды қолдау. Шара аталған дүкен желісі бар қалалардың бәрінде 31 қазанға дейін жалғасады.
Жақында осы жоба аясында белгілі қаламгер Баянғали Әлімжановтың балаларға арналған «400 тәтті тақпақ» атты тақпақтар жинағының таныстырылымы өткен болатын.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Қостанай мен Ташкент арасында тікелей әуе рейсі ашылады
Qostanay men Taşkent arasında tikeley äue reysi aşıladı
Последние новости
Qostanay men Taşkent arasında tikeley äue reysi aşıladı