Автор: ADMIN
Алматыда кептеліске қарсы жаңа жол таңбалары пайда болды

Алматыда көлік қозғалысын ретке келтіру және кептелістердің алдын алу мақсатында бірнеше жол қиылысына жаңа жол таңбасы – «вафельница» сызылды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Алматы полиция департаментінің мәліметінше, бұл таңба Абай – Назарбаев, Абай – Момышұлы және Төле би – Розыбакиев көшелерінің қиылыстарында пайда болған.
«Вафельді» таңбаның мақсаты – жүргізушілерге қиылыс бос болмаса, оған кіруге болмайтынын ескерту. Ол Қазақстан Республикасының жол қозғалысы қағидаларында көзделген және көлік ағынын тиімді басқаруға бағытталған.
– Бұл шара жиі кездесетін жасанды кептелістердің санын азайтуға бағытталған. Мұндай жағдайлар көбінесе жүргізушілердің бос емес қиылысқа шығуынан туындайды. Жаңа таңба көлік қозғалысын ретке келтіріп, жол қауіпсіздігін арттыруға көмектеседі, - деді Алматы полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.
Еске салайық, бұған дейін Алматы әкімдігі жолдағы кептелісті азайту үшін бірнеше шараны қолға алған еді. Соның ішінде жұмыс уақытының кестесін өзгерту және кейбір қызметкерлерді қашықтан жұмысқа көшіру бар.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

الماتى وبلىسىندا قازاقستان رەسپۋبليكاسىنىڭ اتپەن مانەرلەپ جۇرۋ چەمپيوناتى وتەدى
Последние новости

Almatı oblısında Qazaqstan Respublikasınıñ atpen mänerlep jüru çempionatı ötedi

الماتى وبلىسىندا قازاقستان رەسپۋبليكاسىنىڭ اتپەن مانەرلەپ جۇرۋ چەمپيوناتى وتەدى

В Алматинской области пройдет Чемпионат Республики Казахстан по выездке