Автор: ADMIN
New Vision Forum 2025

9-11 қазан аралығында әлемдік және жергілікті көшбасшылар бизнес, технология мен мәдениет болашағы туралы сөйлескен, ал сахна сыртында нақты келісімдер жасалған іс-шара — New Vision Forum 2025 өтті, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Барлығы — 20+ елден 5000+ қатысушы, 50+ компания-экспонент, ондаған сессиялар, воркшоптар мен питчтер.
Форумның ресми ашылуы аясында Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды іс-шараның негізгі спикерлерінің бірі — Priceline.com/Booking.com, uBid.com компанияларының негізін қалаушы, инвестор және жаһандық кәсіпкер Джефф Хоффманмен кездесті.
Форумның маңызды нәтижелерінің бірі — креативті индустрияларды: кино мен анимация, музыка, дизайн, ойындар, цифрлы контент пен сәулетті дамытуға бағытталған Creative Capital Fund қалалық тікелей инвестициялар қорын құру туралы келісімге қол қою болды.
Creative Capital Fund-тың бастапқы капитализациясы 21 млрд теңгені ($40 млн) құрайды. Оның ішінде 10 млрд теңге қалалық бюджеттен бөлінеді, тағы 11 млрд теңге инвесторлардан, оның ішінде шетелдік инвесторлардан түседі.
«Алматы креативті индустрияның жетекші орталығы мәртебесін сақтап келеді… Қордың іске қосылуы қалалық экономикаға серпін беріп, Алматының елдің қаржылық және іскерлік орталығы ретіндегі рөлін толықтырады», — деп Алматы әкімі Дархан Сатыбалды атап өтті.
Республика Сарайы, «Қазақстан» және Novotel қонақ үйлерінің залдарында Робин Шарма (көшбасшылық бойынша бестселлерлер авторы), Джефф Хоффман (кәсіпкер және инвестор; Priceline/Booking негізін қалаушы, uBid.com негізін қалаушылардың бірі), Трип Хокинс (Electronic Arts негізін қалаушы), Ури Левин (Waze негізін қалаушы), Макс Ховард (продюсер, Disney/Warner-дың бұрынғы топ-менеджері) және басқалар сөз сөйледі. Оларға қазақстандық кәсіпкерлер мен басқарушылар қосылды — Айдын Рахимбаев (BI Group), Қанат Көпбаев (Kusto), Нұрлан Смағұлов (Astana Group), Арсен Томский (inDrive), Гаухар Қаппарова (G&G), Самат Даумов (GRATA International серіктесі, MYD компаниясының тең иесі) және басқалар.
Негізгі бағдарламамен қатар үш күн бойы компаниялардың өсуі мен трансформациясына арналған шешімдер көрмесі — New Vision Expo үлкен қызығушылық тудырды, ол форумның практикалық өзегі және «бизнес қаласы» болды.
Бір алаңда — 50+ экспонент, олардың қатарында Bereke Bank, N1 Broker, BI GROUP, Lancaster Group, Kusto Home, BCC Invest, Eurasia Motors, «ЭмирМед» клиникасы, RS Group, IC GROUP, Burkit Finance, Q Group, TAS FINANCE GROUP, NurBank, Freedom Telecom, Invictus, Meloman және басқа да жетекші компаниялар.
Форумды ұйымдастырушылар — Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Nobel Fest платформасы мен YPO Kazakhstan.
Форумның бас серіктесі және банкі — Bereke Bank, стратегиялық серіктесі — BI Group холдингі, ресми әуе тасымалдаушысы — Air Astana, ресми серіктестері — N1 Broker, халықаралық Lancaster Group холдингі, Kusto Group холдингі, Diamond атты премиум жобасы бар Kusto Home компаниясы, Genesis, Chatium брендтерімен Astana Motors, MYD production, Q Group және Kinopark кинотеатрлар желісі, медиасеріктестері — Forbes Kazakhstan, Tan media group, КТК телеарнасы және Sport +.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер





Басты жаңалықтар

New Vision Forum 2025

Almatı oblısında Qazaqstan Respublikasınıñ atpen mänerlep jüru çempionatı ötedi

New Vision Forum 2025
Последние новости

Парламентская реформа: Изменения затронут около 40 статей Конституции