Автор: ADMIN
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік сыйлықақы мен қайырымдылық саласындағы Құрметті атақ иегерлері анықталды

Астанада өткен XII Азаматтық форум аясында Үкіметтік емес ұйымдарға арналған «ҮЕҰ сыйлығы – 2025» марапатын табыстаудың салтанатты рәсімі өтті, - деп хабарлайды Shalqar.kz тілшісі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған сыйлық 2017 жылдан бастап әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге қосқан үлесі үшін табысталып келеді. Оның басты мақсаты – азаматтық сектордың дамуына қолдау көрсету және ҮЕҰ қызметін ынталандыру. Осы уақытқа дейін бұл марапаттың иегері атанған ұйымдардың саны 486-ға жеткен.
Биыл конкурсқа еліміздің барлық өңірінен 208 өтінім келіп түсті. Сарапшылар мен конкурстық комиссияның қарау нәтижесінде 73 ұйым жеңімпаз деп танылды.
Айта кетерлігі, олардың қатарында ауылдық жерлерден 11 және мүмкіндігі шектеулі жандардың 6 бірлестігі бар. Бұл байқаудың ашықтығын, қолжетімділігін және әртүрлі деңгейдегі бастамаларды қамтитын кең ауқымдылығын көрсетеді.
Сонымен қатар, бірқатар ұйымдар Республикалық қоғамдық «Таңдау» сыйлығымен марапатталды.
Бұдан бөлек, қайырымдылық саласында айрықша белсенділік танытқан 33 қазақстандыққа Құрметті атақ берілді.
Биылғы жеңімпаздар қатарында Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры да бар. сыйлықақы Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау номинациясы бойынша берілді. Ұйым 2017 жылы да Тарихи-мәдени мұраны қорғау номинациясы бойынша жеңімпаз атанған еді.
Жалпы, биылғы үміткерлердің бастамалары аясында әлеуметтік тұрғыда маңызды көптеген істер атқарылды. Атап айтқанда, мұқтаж жандарға атаулы көмек көрсету, оңалту орталықтарын, инклюзивті сыныптарды, оқу және спорт алаңдарын ашу, ауылдық жерлердегі көпірлерді, стадиондар мен мектептерді жөндеу, мәдени жобаларды қолдау, төтенше жағдайлардың салдарын жоюға қатысу және т.б.
Сондай-ақ бүгін XII Азаматтық форум шеңберінде жиырмадан астам пікірталас және сараптамалық алаң ұйымдастырылды. Олардың арасында «Smart қайырымдылық» форумы, «Жасанды интеллект – экономиканың даму драйвері», «Азаматтық форум: ұсыныстан нәтижеге», «Инклюзия: инновациялар тең мүмкіндік ашқанда» атты TEDx-панель, сондай-ақ «Экология – XXI ғасырдың жаһандық басымдығы» интерактивті сессиясы және басқа да маңызды іс-шаралар өтті.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Парламентская реформа: Изменения затронут около 40 статей Конституции

Қызылордада Қарилар байқауы өтті.
Последние новости

Qızılordada Qarilar bayqauı ötti.

قىزىلوردادا قاريلار بايقاۋى وتتى.

Қызылордада Қарилар байқауы өтті.