Автор: ADMIN
Қызылордада Қарилар байқауы өтті.

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының орталығындағы «Ықылас» мешітінде Құран Кәрімнен облыстық қарилар байқауы өтті. Шара «Қожакент» ауылының іргетасын қалаушылардың бірі, ауылшаруашылық саласының ардагері, қоғам қайраткері Амантай Әпетұлы мен Батыр ана Ұлданай қажы Әбдікерімқызын еске алуға арналды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Шара мақсаты – марқұмдарды еске ала отырып, Құран ілімін насихаттау, жас қарилардың талабын қолдау және ұмыт болмас рухани ортаны қалыптастыру.
Байқауға жас та, ересек те қарилар қатысып, қасиетті Құран аяттарын көркем мәнермен, тәжуид ережесіне сай жатқа оқып, көрерменнің ерекше ықыласына бөленді.
Екі аталым бойынша өткен байқауға 40-тан аса қарилар қатысты. Қарилар конкурсына облыстың білікті дін мамандары қазылық етті. Байқау жеңімпаздары Әпетовтер әулетінің демеушілігімен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Бірінші аталым бойынша Бас жүлдеге ие болған Жұмабай Дарынға Умра қажылық сапарына жолдама берілді. 1-орынды Мырзабек Дінмұхаммед, 2-орынды Жақсыбек Нұрсұлтан, 3-орынды Бегәлі Рахат иемденіп, бағалы сыйлықтарға ие болды.
Екінші аталым бойынша Бас жүлде - Умра қажылық сапарына жолдама Қалдыбай Баубек ұстазға берілді. 1-орын Таңат Жандәулетке, 2-орын - Нариман Рамазанға, 3-орын - Исмайлов Амируллаға берілді.
Іс-шараны Жаңақорған ауданының бас имамы Наметов Абдіхалық Махмутұлы, ауданның наиб имамы Сыздық Нұржігіт Азаматұлы жоғары деңгейде ұйымдастырса, «Qubyla Travel» компаниясының басшысы Қуаныш Әсет Ержігітұлы үздік шәкірттің ұстазына Умра қажылық сапарына жолдама сыйлап қуантты.
Иман мен ілім тоғысқан, жүректерді рухани нәрге бөлеген ерекше шара – Қарилар байқауы жоғары деңгейде өтті.
Марқұмдарға Құран кәрімді хатымдаған аудан мешітінің имамдарына, осынау ізгі шараны ұйымдастырушыларға және қатысушыларға Әпетовтер әулеті алғыстарын білдірді.
Қасиетті Құран дауысы жүректерде жаңғыра берсін!
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Qızılordada Qarilar bayqauı ötti.
Последние новости

Qızılordada Qarilar bayqauı ötti.

قىزىلوردادا قاريلار بايقاۋى وتتى.

Қызылордада Қарилар байқауы өтті.