Спорт

Автор: ADMIN

Спорт 2025-10-17 00:44:00

Следуй за нами

24

Еңбек ардагеріне арналған облыстық футбол турнирі өтті

news single

«Қожакент» ауылының іргетасын қалаушылардың бірі, ауылшаруашылық саласының ардагері, қоғам қайраткері Амантай Әпетұлын еске алу мақсатында шағын футболдан турнир өтті. Бұл турнир – тек спорттық жарыс қана емес, еңбек майталманына деген тағзым белгісі еді. Жастар мен әріптестер ардагердің өнегелі жолын еске алып, бірлік пен достықты паш етті.

   Ересектер арасындағы дода облыс көлемінде ұйымдастырылды. Турнирге Шымкент, Тараз, Түркістан, Қызылорда қалалары, Шиелі, Жаңақорған аудандары, Түгіскен, Қожакент, Сунақата, Бірлік ауылының футбол командалары қатысты. Жүлде қоры: бірінші орын 500 мың теңге, екінші орын - 300 мың теңге, үшінші орын -200 мың теңге, төртінші, ынталандыру сыйлығы 100 мың теңге көлемінде белгіленді. Екі күнге жалғасқан доп додасында бірінші орынға Түркістаннан келген «Шалқар» командасы ие болса, екінші орынға Жаңақорғанның «Ернұр», үшінші орынға Түркістанның «Бекзат», төртінші орынды қожакенттік жастар командасы иеленді.

     Ұрпақтар сабақтастығы мен құрмет дәстүрін дәріптеген футбол турнирі сәтті өтті. Кездесу тартысты әрі жоғары көңіл-күйде өтті. Қатысушылар тек шеберлігін емес, ұрпақтар арасындағы сыйластықты, құрметті көрсетті.

Еңбегімен елге үлгі болған ардагердің есімі ұмытылмақ емес!

#ЕңбекАрдагері #ФутболТурнирі #Құрмет #ЖастарЖәнеСпорт

 

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться