Автор: ADMIN
Алтын күз: демалыс күндері Қазақстанның кей өңірінде 20 градусқа дейін жылы болады
Синоптиктер демалыс күндері ел аумағында күн райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған Shalqar.kz.
Метеорологтардың хабарлауынша, күшті антициклонның әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз күн райы сақталып отыр.
Солтүстік өңірлерде түнгі уақытта ауа температурасы төмендегенімен, күндіз +5…+10°С шамасында жылы болады.
Ал оңтүстік өңір тұрғындарын алтын күз әлі де қуантады. Күндіз бұл аймақтарда ауа температурасы +15…+20°С-қа дейін көтеріледі деп күтіледі.
Алдағы күндері тек еліміздің солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсуі ықтимал.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Жасанды интеллект мемлекеттік бюджетті болжауға қалай көмектеседі
Последние новости
Jasandı intellekt memlekettik byudjetti boljauğa qalay kömektesedi
جاساندى ينتەللەكت مەملەكەتتىك بيۋدجەتتى بولجاۋعا قالاي كومەكتەسەدى