Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2025-10-18 00:24:00

Следуй за нами

19

Қазақстанда алғаш рет оқушылар арасында қаржылық сауаттылық бойынша олимпиада өтеді

news single

Қазақстанда алғаш рет оқушылар арасында қаржылық сауаттылық пен цифрлық қауіпсіздік бойынша олимпиада өтеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлгіне сілтеме жасаған Shalqar.kz хабарлайды.

 

Ведомствоның мәліметінше, "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы алғаш рет 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған қаржылық сауаттылық пен цифрлық қауіпсіздік бойынша республикалық олимпиада өткізу бастамасын көтерген.

"Бұл жоба оқушылардың қаржы саласындағы білімін арттыруға, қаржылық жауаптылық пен цифрлық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған", - делінген хабарламада.

Олимпиаданың бірінші (мектепішілік) кезеңі 17 қазанда барлық өңірде офлайн форматта өтеді. Қатысушылар 30 сұрақтан тұратын тест тапсырмасын 60 минут ішінде орындайды. Үздік нәтиже көрсеткен 30 оқушы келесі кезеңге жолдама алады.

 

Барлығы төрт кезеңнен тұратын олимпиаданың финалы 2026 жылдың мамыр айында Астана қаласында өтеді.

Қорытынды кезеңде әр өңір мен республикалық білім беру ұйымдарынан үздік 150-ден астам оқушы бақ сынайды.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться