Автор: ADMIN
Елена Рыбакина Қытайдағы WTA 500 турнирінің чемпионы атанды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы Shalqar.kz хабарлайды.
Отандық спортшы ақтық сында әлемнің 10-ракеткасы, ресейлік Екаттерина Александровамен өзара мықтыны анықтады.
Тартысты кездесу үш сет бойы жалғасып, Рыбакинаның жеңісімен аяқталды. Қорытынды есеп - 3:6, 6:0, 6:2.
Теннисшілер кортта екі сағат өткізді. Бұл уақытта қазақстандық спортшы үш қателік жіберіп, төрт брейк-пойнт жасады.
Осылайша Қазақстанның бірінші ракеткасы турнирдің жеңімпазы атанып, 500 ұпайға ие болды. Әлемдік рейтинг жаңартылғаннан кейін Елена бір орынға көтеріліп, әлемнің сегізінші ракеткасы болады.
Бұл Рыбакина үшін осы жылдағы екінші финал болды. Мамыр айында теннисші франциялық Страсбургтегі WTA 500 турнирінде жеңіске жеткен болатын.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Қаңтардағы инфляция 12,2%: Жанармай бағасы өсіп жатыр
2029 jılğı qısqı Aziya oyındarı Almatıda ötedi
Zimnie Aziatskie igrı 2029 goda proydut v Almatı
Последние новости
Qañtardağı inflyaciya 12,2%: Janarmay bağası ösip jatır
قاڭتارداعى ينفلياتسييا 12,2%: جانارماي باعاسى وسىپ جاتىر
Inflyaciya v yanvare sostavila 12,2%: rastut cenı na toplivo