Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2025-10-19 10:52:00

Следуй за нами

19

 БҚО-да «Еңбек. Адам. Құрмет» атты фестиваль өтті

news single

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына орай Батыс Қазақстан облысында «Еңбек. Адам. Құрмет» атты фестиваль өтті, деп хабарлайды БҚО әкімдігіне сілтеме жасаған Shalqar.kz тілшісі.
Бұл айтулы шараның басты мақсаты – ел дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген қарапайым еңбек адамдарының еңбегін бағалау, оларға құрмет көрсету және жас ұрпаққа үлгі ету.
Фестивальге әр салада тер төгіп жүрген еңбек адамдары қатысты.
Іс-шара барысында еңбек адамдарының өмір жолы, кәсіби жетістіктері мен еңбекке деген адал көзқарастары насихатталды. Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, таңдаған мамандығына деген мақтанышын білдірді.

-“2025 жылдың “Жұмысшы мамандықтар жылы” деп жариялануы — елдің негізгі қозғаушы күші саналатын еңбек адамдарына көрсетілген үлкен құрмет. Бұл — тек атаулы жыл емес, нақты іс пен нақты қолдаудың жылы.
Бүгінгі шара — еңбек адамын дәріптеудің, оларды көріп, танудың жарқын үлгісі. Қарапайым еңбек иелерінің өмірі мен табысы жастарға үлкен мотивация. Осындай шаралар жыл сайын жалғасып, жұмысшы мамандықтарының беделі одан әрі арта түссе екен деп тілеймін!”,-деді Ляззат Сейткереева.

Орал трансформатор зауытының шебері Ляззат Жұмаділда жас мамандарды даярлау жайын баяндап, нәзік жандылардың да өндірісте табысты еңбек етіп жатқанын айтты. Ол күн сайын катушка ішіне қажетті бөлшектер орнатады. Көзге қарапайым көрінгенімен, дәл сол бөлшек бүкіл механизмнің жұмыс істеуіне ықпал етеді.

Халықтың тұрмыс сапасын арттыруға үлес қосып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік жаңашыл идеяларын енгізуге ниеттенген Шыңғырлау ауданының жеке кәсіпкері Сырым Жолдыгұлов «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында несие алып, алдымен шағын наубайхана ашты. Кәсібін дөңгелеткен кәсіпкер қазір өңірде теңдесі жоқ кәсіби қолғаптар өндірісін дамытып, кәсіпорнын шағын цехтан өндіріс орнына дейін жетілдірген.

Жиын барысында ауданнан келген өкілдер “Ауыл аманаты” бағдарламасы аясында өз өңірлерінде атқарылып жатқан жұмыстар мен мемлекеттік қолдаудың нәтижелері жөнінде бөлісті.

Фестиваль аясында алаңда кең көлемді жәрмеңкелер ұйымдастырылды. Онда “Ауыл аманаты” бағдарламасының қатысушылары мен мемлекеттік грант иегерлері өз өнімдерін ұсынды. Жұмыс іздеушілер үшін 80-нен астам жұмыс беруші 500-ден астам бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться