Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2025-10-23 17:10:00

Следуй за нами

50

«Хабар» Агенттігіне 30 жыл

news single

Бүгін «Хабар» Агенттігіне 30 жыл. Бұл -шағын ұжымнан халықаралық деңгейдегі медиа құрылымға айналған алпауыт. 

«Хабар» Агенттігі өзінің 30 жылдық тарихында ақпараттық саясатты ең сенімді жеткізуші, саяси, әлеуметтік-мәдени құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттаушы  құрал екенін дәлелдеді. Бүгін алып телеотбасы 30 жылдық мерейтойын ерекше атап өтті, деп хабарлайды Shalqar.kz.

Бұл кеш бұрынғы кештен өзгеше. «Хабар» Агенттігінің 30 жылдығына медиахолдинг қызметкерлері тегіс жиналды. Мерекелік жиында телеарнаның қалыптасуына үлес қосқан ардагерлер мен олардың ізін жалғаған әріптестерімізге арнайы құрмет көрсетілді. Аты аңызға айналған агенттікті Президент мерейтоймен құттықтады. Мемлекет басшысының құттықтауын  Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі Арман Қырықбаев жеткізді.

Арман Қырықбаев, ҚР Президентінің Ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі:

- Осы уақыт ішінде еліміздің ақпарат кеңістігінде өз орны бар беделді медиақұрылымға айналды. Бірегей бастамалар мен тың жобаларды табысты жүзеге асырды. Ақпарат майталмандары ұжымы еліміздегі және әлемдегі оқиғалар туралы шынайы хабар таратып, халыққа мемлекеттік саясаттың мән-маңызын түсіндіруге зор үлес қосып келеді. Баршаңызға шабыт, толағай табыс тілеймін. Қасым-Жомарт Тоқаев.

30 жыл ішінде агенттік алпауыт ақпараттық орталыққа айналып, көрерменмен бірге қалыптасты. 

Агенттіктің мерейтойына орай Парламенттің қос палата төрағалары да арнайы құттықтау жолдады. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев пен Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов: «Хабар» отыз жыл бойы көрерменнің сенімін сақтай отырып, ұлттың айнасы болып қалыптасқанын жеткізді.  Хабардың мерейлі тойында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева: «Хабар»  бұл жай ғана медиа агенттік емес, «талай телекадрлар түсірілген тәуелсіз Қазақстанның тірі тарихы» деп атап өтті. 

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться