Автор: ADMIN
Қазақстан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алғашқы алтын медалін жеңіп алды
Қазақстан құрамасы Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында тас жолдағы велоспорттан алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Отандастарымыз жекелей уақытқа жарыс форматындағы аралас құрамдағы командалық эстафетада үздік нәтиже көрсетті.
Бірінші кезеңнен кейін Қазақстан құрамасы уақыт бойынша үшінші орында келе жатқан. Алайда соңғы кезеңде спортшыларымыз қарқын қосып, мәреге бірінші болып жетті.
Ұлттық құраманың сапында Кирилл Полышев, Данил Третьяков, Ринат Ерік, Ирина Ивановская, Валерия Кузнецова және Анель Ташбай өнер көрсетті.
Алғашқы хаттама бойынша Иран құрамасы күміс, Тайбэй құрамасы қола медаль иеленген болатын.
Кейін хаттама қайта қаралып, Иран командасы жарысты аяқтамаған деп тіркелді. Осыған байланысты Тайбэй екінші орынға көтеріліп, Қытай құрамасы үздік үштікке енді.
Бұл жеңіс – Қазақстан құрамасының осы Азиададағы алғашқы алтын медалі.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Aleksey Lucenko zavoeval zoloto Aziatskih igr v YAponii
558 سپورتشى, 35 سپورت تۇرى: قازاقستان ازياداعا اتتاندى
Последние новости
558 sportşı, 35 sport türi: Qazaqstan Aziadağa attandı
558 سپورتشى, 35 سپورت تۇرى: قازاقستان ازياداعا اتتاندى
558 sportsmenov, 35 vidov sporta: Kazahstan otpravilsya na Aziadu