Автор: ADMIN
5 баланың анасы 15 жылдан кейін Қазақстан чемпионы атанды
Жақында бокстан Қазақстан чемпионатында ерекше жағдай орын алды. Айтулы додада 5 баланың анасы Әйгерім Сәттібаева өз салмақ дәрежесінде топ жарып, чемпион атанды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Спортшының отбасылық өмір мен боксты қатар алып жүруі – таңғаларлық жайт. Оның үстіне, жарысқа тек қатысып қоймай, чемпион атануы да – үлкен белес.
Әйгерім Сәттібаева көпшілікке тек спортшы ретінде ғана емес, әйгілі боксшы Олжас Сәттібаевтың жары ретінде де таныс. Олжас – 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қатысушысы және 2015 жылғы Азия чемпионы. Екеуі бүгінде бес баланың ата-анасы, спорт пен отбасын қатар алып жүрген жұп ретінде үлгі болып отыр. Олжас өзінің жарына осы Қазақстан чемпионатында көмектесіп, жеңіске жетуіне өзінің үлкен үлесін қосты.
Финалда Әйгерім Сәттібаева мен Әнел Құдайберген кездесті. Жекпе-жекте Әйгерім айқын басымдық танытып, жарыс жеңімпазы атанды. Араға 15 жыл салып ел чемпионатында топ жарды. Бұған дейін 2010 жылы Қызылордада чемпион болған.
Әйгерім Сәттібаеваның жасы 34-те, 5 баланың анасы. Ол бокстан Азия чемпионы және қола жүлдегері, әскерилер арасында әлем чемпионы. Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) 2 дүркін чемпионы Олжас Сәттібаевтың жұбайы.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
558 sportşı, 35 sport türi: Qazaqstan Aziadağa attandı
558 спортшы, 35 спорт түрі: Қазақстан Азиадаға аттанды
Последние новости
558 sportşı, 35 sport türi: Qazaqstan Aziadağa attandı
558 سپورتشى, 35 سپورت تۇرى: قازاقستان ازياداعا اتتاندى
558 sportsmenov, 35 vidov sporta: Kazahstan otpravilsya na Aziadu