Автор: ADMIN
Қазақстан делегациясы Түркі әлемінің II Жастар форумына қатысты
Бішкек қаласында ТҮРКСОЙ халықаралық түркі мәдениеті ұйымының ұйымдастыруымен өткен Түркі әлемінің II Жастар форумы өтті, деп хабарлайды Shalqar.kz Мәдениет және Ақпарат министрлігіне сілтеме жасап. Форумға Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия елдерінің жастары мен түрлі түркі ұйымдарының өкілдері қатысты.
Ашылу рәсіміне дипломаттар, ғалымдар, мемлекеттік мекемелердің өкілдері және жастар делегациялары жиналды.
Форум «Болашақ – сенсің» деген үндеумен өтті. Жиын барысында панельдік сессиялар, шеберлік сабақтары және мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды.
Форум аясында алғаш рет ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің симуляциялық сессиясы өтті. Қатысушылар өз елдерінің атынан сөз сөйлеп, өзекті мәдени мәселелерді талқылап, дипломатия мен шешім қабылдаудың негізін меңгерді.
Форумның басты мақсаты – жас өкілдер бірлік, ынтымақ және ортақ мәдени болмыс идеясын дәріптеп, түркі дүниесі жастары арасындағы өзара байланыстарды нығайтуға ықпал ету.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
قوستاناي مەن تاشكەنت اراسىندا تىكەلەي اۋە رەيسى اشىلادى
وتكروەتسيا پرياموي اۆيارەيس مەجدۋ كوستاناەم ي تاشكەنتوم
Последние новости
Qostanay men Taşkent arasında tikeley äue reysi aşıladı
قوستاناي مەن تاشكەنت اراسىندا تىكەلەي اۋە رەيسى اشىلادى