Автор: ADMIN
“Қайрат” бесінші рет Қазақстан чемпионы атанды
Алматыда өткен Премьер-лиганың соңғы турындағы шешуші ойын «Қайрат» пен «Астана» арасындағы кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Осы нәтижемен алматылық клуб Қазақстанның 2025 жылғы чемпионы атанды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Матчтың алғашқы таймында «Астана» шабуылшысы Марин Томасов есепті ашып, елордалық командаға чемпиондық үміт сыйлады. Алайда екінші таймда «Қайрат» ойын тізгінін өз қолына алып, Дастан Сәтпаев соққан голдың арқасында есепті теңестірді. Кездесу соңына дейін нәтиже өзгермей, чемпиондық тағдыры осы есеппен шешілді.
26 тур қорытындысы бойынша «Қайрат» 59 ұпай жинап, маусымды бірінші орында аяқтады. «Астана» 57 ұпаймен екінші орынға тұрақтаса, үздік үштікті 54 ұпай еншілеген «Тобыл» түйіндеді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
2029 جىلعى قىسقى ازييا ويىندارى الماتىدا وتەدى
قاڭتارداعى ينفلياتسييا 12,2%: جانارماي باعاسى وسىپ جاتىر
Қаңтардағы инфляция 12,2%: Жанармай бағасы өсіп жатыр
Последние новости
Qañtardağı inflyaciya 12,2%: Janarmay bağası ösip jatır
قاڭتارداعى ينفلياتسييا 12,2%: جانارماي باعاسى وسىپ جاتىر
Inflyaciya v yanvare sostavila 12,2%: rastut cenı na toplivo