Автор: ADMIN
Брюссельдегі танымал мүсінге қазақтың шапаны кигізілді
Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігі мен Манекен Пис мүсінінің Қамқоршылар ордені бірлесіп, әйгілі Манекен Пис мүсініне Қазақстанның Республика күніне орай шапан кигізу салтанатты рәсімін өткізді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Шара Брюссельдің тарихи орталығында өтіп, Қазақстан мен Бельгия арасындағы достықтың, мәдени ынтымақтастықтың нышанына айналды. Іс-шараға бельгиялық серіктестер, қоғам қайраткерлері, мәдени ұйымдардың өкілдері және қазақстандық студенттер мен отандастар қатысты.
Өзінің құттықтау сөзінде Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшісі Роман Василенко: «Бүгінгі оқиға Қазақстан мен Бельгия арасындағы өзара құрмет пен мәдени диалогты дамытуға негізделген берік әріптестік байланыстарды көрсетеді. Біз қазақ халқының дәстүрлерін Еуропаның жүрегі – Еуропалық одақтың астанасы Брюссельде паш етуге қуаныштымыз».
Манекен Пис мүсініне арнайы тігілген ұлттық шапан кигізілді. Бұл шара Қазақстанның мәдениетаралық түсіністікті нығайтуға және ұлттық мұраны халықаралық деңгейде танытуға деген ұмтылысын айқын көрсетті.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
ياپونييا پلانيرۋەت زاكۋپاتь نەفتь يز كازاحستانا
پۋتين كاسىپكەرلەرگە ۋكرايناعا قارسى سوعىسقا قارجى سالۋدى ۇسىندى
Putin käsipkerlerge Ukrainağa qarsı soğısqa qarjı saludı wsındı
Последние новости
Japoniya Qazaqstannan mwnay aludı josparlap otır
جاپونييا قازاقستاننان مۇناي الۋدى جوسپارلاپ وتىر
YAponiya planiruet zakupat' neft' iz Kazahstana