Автор: ADMIN
Алматыда шетелдік азаматтар террорлық акт жасамақ болған
Алматы қаласында шетелдік азаматтар террорлық акт жасамақ болған, деп хабарлайды Shalqar.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.
«Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында 2025 жылдың қыркүйегінде 5 шетелдік азамат жоспарлаған террорлық актісінің алдын алды. Олардың барлығы қамауға алынып, тергеу жүргізілуде»,—делінген хабарламада.
Сондай-ақ биыл қыркүйек пен қазанда терроризмді насихаттады деген күдікпен қылмыстық істер аясында 8 қазақстандық қамауға алынған.
ҰҚК мәліметінше, жыл басынан осындай қылмыстары үшін 89 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған, оның 6-сы —шетелдіктер.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Даже безработный обязан платить алименты
200 شەشىمنىڭ 8-ى زاڭسىز: اباي وبلىسىندا شەنەۋنىكتەر جازالاندى
200 şeşimniñ 8-i zañsız: Abay oblısında şeneunikter jazalandı
Последние новости
Jwmıssız adam da aliment töleuge mindetti
جۇمىسسىز ادام دا اليمەنت تولەۋگە مىندەتتى
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı