ЭКОНОМИКА

Автор: ADMIN

ЭКОНОМИКА 2025-10-30 00:42:00

Следуй за нами

17

Президент: «2019 жылдан бері экономикамыз 16%-ға өсті»

news single

       Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты. Елдегі билік жүйесі түбегейлі өзгерді: ауыл, аудан және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері тікелей сайлана бастады, ал ауыл әкімдерінің барлығы, аудан әкімдерінің 25%-ы жаңарды-, деп хабарлайды “Shalqar.kz” “Qazaqparat” телеграм каналына сілтеме жасап.

    Бұл – «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатының нақты көрінісі. Аймақтағы билік жүйесінде мұндай ауқымды реформалар бұрын-соңды болмаған. Саяси реформалар қоғамда түбегейлі жаңғыру процесін бастады.

    Бұл өзгерістер оңай емес кезеңде жүзеге асырылып отыр: пандемия, алпауыт елдердің санкциялық қысымы, сауда жолдарының бұзылуы және түрлі халықаралық қақтығыстар Қазақстан экономикасына да әсер етті. Дегенмен, мемлекет қажетті шешімдерді дер кезінде қабылдап, экономиканың әлеуетін сақтап қана қоймай, оны жаңа серпінмен дамыта түсті.

    Нәтиже айқын: 2019 жылдан бері экономика 16%-ға өсті. Биыл ішкі жалпы өнім шамамен 137 триллион теңге, яғни 291 миллиард доллар деңгейінде болады деп күтілуде. Жан басына шаққандағы өнім 14 400 долларға жетті, бұл Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасында ең жоғарылардың бірі. Сонымен қатар, Қазақстанның алтын-валюта резерві 58 миллиард долларға жетті, ал сыртқы сауда айналымы соңғы жеті жылда 83%-ға артып, бүгінгі күні 142 миллиард долларға жетті. Қазақстан – аймақтағы ең ірі экономика, әрі реформалар елді жаңа белестерге көтеріп отыр.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться