Автор: ADMIN
«Әзірет Сұлтан» музей-қорығында «Музейде өрнектелген өмірім» атты көрме ашылды
«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығында музей ісіне жарты ғасырға жуық өмірін арнаған руханият жанашыры Жүзбаева Рахия Сүлейменқызының 70 жылдық мерейтойына арналған «Музейде өрнектелген өмірім» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Shalqar.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көрмеде Рахия Сүлейменқызының музей ісіндегі табанды еңбегі мен рухани қызметін айғақтайтын фотосуреттер, ғылыми мақалалары, марапаттары мен естелік материалдары көпшілік назарына ұсынылды.
Сонымен қатар, ардақты тұлғаның өмір жолы мен кәсіби қызметін қамтыған бейнеролик көрсетілді.
Салтанатты жиынға Рахия Сүлейменқызының әріптестері, шәкірттері, бірге оқыған достары мен туыстары, сонымен бірге ғалымдар, облыстық әжелер алқасының мүшелері және мәдениет саласының өкілдері қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар мерейтой иесіне ел мәдениеті мен музей ісін дамытудағы еңбегіне жоғары баға беріп, жылы лебізін білдірді.
«Музейде өрнектелген өмірім» көрмесі отандық музей ісінің дамуына сүбелі үлес қосқан тұлғаның еңбегін дәріптеу мен келер ұрпаққа үлгі ету мақсатында ұйымдастырылды.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Otkroetsya pryamoy aviareys mejdu Kostanaem i Taşkentom
وتكروەتسيا پرياموي اۆيارەيس مەجدۋ كوستاناەم ي تاشكەنتوم
Последние новости
Qostanay men Taşkent arasında tikeley äue reysi aşıladı
قوستاناي مەن تاشكەنت اراسىندا تىكەلەي اۋە رەيسى اشىلادى