Автор: ADMIN
Ипотека беруді уақытша тоқтатқан банктер қайта қоса бастады
Қыркүйектің аяғында Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18%-ға көтергеннен кейін, бірнеше ірі банк ипотекалық өтініш қабылдауды уақытша тоқтатқан еді. Нарық еліміздегі банктерге хабарласып, қазіргі жағдайды анықтады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Ипотеканы тоқтатып, қайта қабылдай бастаған банктер:
• Банк ЦентрКредит — ипотека қабылдау қайта басталды.
• Halyk Bank — әзірге тек BI Group жобалары бойынша дайын тұрғын үйлерге ипотека рәсімделеді. Қайталама нарықтағы несие әлі ашылған жоқ.
Ипотека қабылдауды тоқтатпаған банктер:
• Отбасы банк — барлық бағдарлама әдеттегідей жүріп жатыр.
• Freedom Bank — ипотека бұрынғыдай беріледі.
• Altyn Bank — бастапқы нарықта ипотека бар (BI, Basis A, Sensata жобалары бойынша қолжетімді), ал қайталама нарық уақытша тоқтаған.
Ипотека әлі қабылдамайтын банктер:
• ForteBank — бағдарламалар уақытша жабық, шешім бір ай ішінде шығады.
• Нұрбанк — 10 қазаннан бері өтініш қабылдамайды.
• Bank RBC — ипотека әзірге тоқтап тұр, жақында қайта ашылады.
Ипотека мүлде жоқ банктер:
Kaspi Bank, Alatau City Bank, Bereke Bank, Home Credit Bank, VTB және Eurasian Bank.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Жасанды интеллект мемлекеттік бюджетті болжауға қалай көмектеседі
جاساندى ينتەللەكت مەملەكەتتىك بيۋدجەتتى بولجاۋعا قالاي كومەكتەسەدى
Последние новости
Jasandı intellekt memlekettik byudjetti boljauğa qalay kömektesedi
جاساندى ينتەللەكت مەملەكەتتىك بيۋدجەتتى بولجاۋعا قالاي كومەكتەسەدى