Автор: ADMIN
Қазақстаннан көшіп кетушілер саны азайды: елге қоныс аударушылар көп
2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстаннан 12,8 мыңға жуық адам басқа елдерге қоныс аударды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға төмен, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Айта кетерлігі, бұл – тәуелсіздік жылдарындағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі.
Ал Қазақстанға тұрақты тұруға келгендер саны 29,9 мың адамнан асты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 18%-ға көп. Мұндай жоғары көрсеткіш соңғы рет 2011 жылы тіркелген.
Осылайша, елдегі көші-қон сальдосы (келгендер мен кеткендер санының айырмасы) екінші жыл қатарынан оң көрсеткіште қалып отыр. 2024 жылы ол 17,2 мың адамды құрады. Бұл 2006 жылдан бергі ең жақсы нәтиже. Бұған дейін, 2012-2022 жылдар аралығында Қазақстаннан көшіп кетушілер саны елге келгендерден тұрақты түрде көп болған.
Кеткендердің басым бөлігі – Ресейге (70%), одан кейін Германияға көшушілер саны артқан (16%). Ал Қазақстанға қоныс аударушылардың негізгі легі Өзбекстаннан (40%) және Ресейден (27%) келген. Сонымен қатар, Қытайдан келгендер – 7%, ал Моңғолиядан – 5%.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
دەلو جانابىلوۆىح ناپراۆلەنو ۆ سۋد
Последние новости
Delo Janabılovıh napravleno v sud
دەلو جانابىلوۆىح ناپراۆلەنو ۆ سۋد
Дело Жанабыловых направлено в суд