Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2025-11-04 21:57:00

Следуй за нами

30

TANK көліктері қарашаның ортасынан бастап Қазақстанда құрастырылады

news single

      Қазақстанның автоөндіріс нарығында жаңа кезең басталмақ -, деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Naryk.kz" телеграм каналына сілтеме жасап. Қытайдың GWM (Great Wall Motor) компаниясы қарашаның ортасынан бастап Astana Motors зауытында TANK жол талғамайтын көліктерінің сынамалық партиясын құрастыруды бастайды.

 

   🔧 Бұл жоба — еліміздегі автоиндустрияны дамыту мен шетелдік технологияны жергіліктендіру бағытындағы маңызды қадамдардың бірі. Келесі бір жарым жыл ішінде компания Қазақстан нарығына бір жаңа модель, бір флагмандық көлік және екі жаңартылған нұсқа шығаруды жоспарлап отыр. Модельдер қатары бензин мен дизель қозғалтқыштарындағы отбасылық SUV-көліктерден бастап, гибридті жүйедегі премиум жол талғамайтын көліктерге дейін қамтиды.

 

     💬 «Біз Қазақстанда тек көлік сату емес, енді оны өндіру және экспорттау моделіне көшіп жатырмыз», — деді GWM International президенті Паркер Ши. 🗣 Сонымен қатар компания GWM көліктерінің мультимедиялық және дауыстық басқару жүйесіне қазақ тілін енгізуді жоспарлап отыр. Бұл — отандық тұтынушыларға ыңғайлы әрі мәдени тұрғыда маңызды жаңалық.

 

     📊 Қазіргі таңда GWM брендінің Қазақстан нарығындағы үлесі 7,2%-ды құрайды. Сарапшылардың айтуынша, жергілікті өндірістің іске қосылуы компанияның позициясын едәуір нығайтып, экспорттық әлеуетті арттырмақ.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться