Автор: ADMIN
Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры “Жастар үйінде” іс-шаралар өткізіп, жас буынның дамуына үлес қосты
Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты әлеуметтік мекемелер түлектерін бейімдеу және қолдау орталығы – «Жастар үйінде» бірқатар әлеуметтік және тәрбиелік бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Аталған бастама Халықаралық «Жанашыр» қоры мен «Жастар үйі» мекемесі арасындағы өзара әріптестік туралы Меморандум аясында жүзеге асырылды. Іс-шаралардың негізгі мақсаты – ата-ана қамқорлығынсыз қалған жастарға рухани және материалдық қолдау көрсету, олардың қоғамға бейімделуіне жан-жақты жәрдемдесу.
Шараны орталық директорының орынбасары Еркебұлан Әбдіғалиұлы ашып, жастарды іс-шара мақсатымен таныстырды. Содан соң Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының мамандары сөз алды. Домбыра үйрету, шахмат, дойбы, шет тілдерін оқыту курстарын ұйымдастыруға ниетті еріктілер, бұл бағытта орталық жастарымен тегін жұмыс істеуге дайын екендіктерін айтты.