Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2025-11-06 00:35:00

Следуй за нами

36

Базалық мөлшерлеме көтерілгеннен кейін инфляция баяулады

news single

      2025 жылдың қазан айында айлық инфляция 0,5% болды. Бұл – соңғы айлардағы ең төмен өсім көрсеткіші-, деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Naryk.kz" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

    Азық-түлік тауарлары арасында бірқатар өнімдердің бағасы төмендеді. Атап айтқанда, пияз – 7,7%-ға, алма – 6,1%-ға, сәбіз – 4,4%-ға, қызылша – 5,1%-ға, ал қант – 2%-ға арзандады. Сонымен қатар шоколад (2,3%), кофе мен тұздықтар (1,8%), және жарма өнімдерінің (0,7%) бағасы өсті.

 

    Азық-түлік емес тауарлардың ішінде жаңа автокөліктердің бағасы 1,5%-ға төмендеген. Ал киім мен аяқ киім 0,8%-ға, жуғыш құралдар 1%-ға қымбаттаған. Қызмет көрсету саласында да тарифтердің өзгерісі байқалды. Суық су тарифтері 40%-ға, газ – 10,7%-ға, электр энергиясы – 2%-ға төмендеді. Ал қоғамдық тамақтану қызметтері 2%-ға қымбаттады.

 

   Жылдық инфляция деңгейі 12,6% болып қалыптасты. Салыстырмалы түрде, қыркүйек айында жылдық инфляция 12,9%, айлық өсім 1,1% болған еді. Еске салайық, қазан айында ҚР Ұлттық Банкінің Ақша-несие саясаты комитеті базалық мөлшерлемені 16,5%-дан 18%-ға көтеру туралы шешім қабылдаған болатын.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться