Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2025-11-06 01:07:00

Следуй за нами

35

2025 жылға қарай ауыл халқының 98%-ы орталықтандырылған су жүйесіне қосылады

news single

      2025 жылға қарай ауыл халқының 98%-ы орталықтандырылған су жүйесіне қосылады-, деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Naryk.kz" телеграм каналына сілтеме жасап.  2025 жылы Қазақстанда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытуға 206,5 млрд теңге бөлінеді.

 

   Оның 103 млрд теңгесі сумен жабдықтау, су бұру және жылумен қамтамасыз ету жобаларына бағытталмақ. Жоспарға сәйкес, 2025 жылдың соңына дейін: ауыл тұрғындарының 98%-ын, қалалардағы халықтың 99,6%-ын орталықтандырылған су жүйесімен қамту көзделген. Сонымен қатар жылу желілерінің тозу деңгейін 51%-ға дейін төмендету жоспарланып отыр.

 

    Негізгі жобалар: әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға 4,9 мың пәтер сатып алу – 71,9 млрд теңге; 8,2 мың азаматқа тұрғын үйді жалға алуға арналған төлемдерді субсидиялау – 5 млрд теңге; инфрақұрылымды жаңғырту бойынша 38 жоба іске асырылмақ – 23,8 млрд теңге. 2026 жылдан бастап басымдық тұрғын үй құрылысына емес, ипотека мен жалдау төлемдерін субсидиялау механизмдерін дамытуға ауысады.

 

    Сонымен қатар мемлекет коммуналдық қызмет операторларының кредиттерін субсидиялау және инфрақұрылымды жаңғыртуға инвестиция салуды жалғастырады. 2028 жылға қарай осы салаға бөлінетін қаржы көлемі 111 млрд теңгеге дейін өседі деп жоспарлануда. Негізгі мақсат — ел бойынша сапалы ауыз су мен жылуға толық қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться