Автор: ADMIN
«JARQYRA» республикалық кастингі өз мәресіне жетті
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының ұйымдастыруымен ауқымды республикалық «JARQYRA» кастингі өтті, деп хабарлайды Shalqar.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл кастинг еліміздің 19 қаласында бір мезетте өтіп, отандық кинематография тарихындағы ең ірі іс-шаралардың бірі болды. Іріктеуге 1000-нан астам адам қатысып, ұлттық киноның бір бөлігі болуға ниет білдірді.
Қатысушылардың анкеталары Сараптама кеңесі тарапынан мұқият қаралды. Бағалау кезінде актерлік қабілет, сахналық образды бейнелеу шеберлігі және кәсіби дамуға деген әлеует ескерілді. Кастинг қорытындысы бойынша 705 қатысушы Кино орталықтың актерлік базасына енгізілді.
Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағалидың айтуынша, кастинг Қазақстанда қуатты шығармашылық әлеуеттің бар екенін және түрлі буын өкілдерінің кино саласында кәсіби жұмыс істеуге дайын екенін көрсетті.
Айта кетейік, «JARQYRA» жобасы - ұлттық киноны дамытуға, саланың кадрлық әлеуетін нығайтуға және отандық кинематографтың өркендеуіне үлес қосқысы келетін шығармашыл жастарды қолдауға бағытталған.
Кастингтен өткен қатысушылардың анкеталары Кино орталығының ресми сайтына www.kazakhcinema.kz орналастырылды. Онлайн актерлік база продюсерлер мен кинокомпанияларға жаңа есімдерді ашуға, дарынды актерлерді табуға және болашақ фильмдерге шығармашылық топтар құруға мүмкіндік беретін заманауи құралға айналмақ.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Milan–Kortina Paralimpiadası: qazaqstandıq sportşılar finalğa ötti
ميلان–كورتينا پاراليمپياداسى: قازاقستاندىق سپورتشىلار فينالعا وتتى
Delo Janabılovıh napravleno v sud
Последние новости
Delo Janabılovıh napravleno v sud
دەلو جانابىلوۆىح ناپراۆلەنو ۆ سۋد
Дело Жанабыловых направлено в суд