Автор: ADMIN
Тәжікстанда алып мұз бөлінді
Тәжікстанның Тәжікабад ауданындағы мұздықтан алып мұз кесегі бөлініп қалды, деп хабарлайды Shalqar.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
-2025 жылдың 25 қазанында Тәжікабад ауданындағы Дехдал мұздығының үлкен бөлігі бөлініп қалды. Мұз массасының айтарлықтай бөлігі (ұзындығы 1500 метрге дейін және биіктігі 50 метрге дейін) төмен қарай жылжыды. Бұл құбылысқа атмосфералық температураның көтерілуі мен ұзақ уақыт жауын-шашынның болмауы әсер етті. Бұл мұздықтың қарқынды еруіне және су балансының өзгеруіне ықпал етті,- дейді Тәжікстан гидрометеорология агенттігі.
Тәжікстан билігінің мәліметінше, мұздың еруінен адам шығыны болған жоқ және ол ештеңеге залалын тигізген жоқ. Алайда, сарапшылардың пікірінше, алдағы уақытта қатты жауын-шашын болған жағдайда кейбір елді мекендерді су басу қаупі жоғары.
Тәжікстанда 14 мыңнан астам мұздық бар. Орталық Азиядағы ірі және кіші мұздықтар негізгі су көзі саналады, бірақ соңғы 30 жылдағы жаһандық жылынуға байланысты 1000-нан астам мұздық толығымен жоғалып кетті.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
ياپونييا پلانيرۋەت زاكۋپاتь نەفتь يز كازاحستانا
YAponiya planiruet zakupat' neft' iz Kazahstana
Жапония Қазақстаннан мұнай алуды жоспарлап отыр
Последние новости
Japoniya Qazaqstannan mwnay aludı josparlap otır
جاپونييا قازاقستاننان مۇناي الۋدى جوسپارلاپ وتىر
YAponiya planiruet zakupat' neft' iz Kazahstana