Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2025-11-06 18:38:00

Следуй за нами

33

TikTok – жаңа экономиканың қозғаушы күші.

news single

       2024 жылы Қазақстандағы шағын және орта бизнес осы платформа арқылы кемінде 219 млрд теңге табыс тапқан-, деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Naryk.kz" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

     Бұл – TikTok пен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының бірлескен алғашқы зерттеуінің нәтижесі. Зерттеу 20 өңірден 300-ден астам кәсіпкерді қамтыды. Қатысушылардың әр алтыншысы табысының жартысынан көбін дәл осы әлеуметтік желі арқылы тапқанын жасырмайды.

 

    Демек, TikTok бүгінде жай көңіл көтеру құралы емес, нақты табыс әкелетін сауда алаңы мен жарнама нарығының жаңа орталығы болып отыр. Ең табысты бағыттар: сұлулық индустриясы мен денсаулық қызметтері; қонақүй және ойын-сауық бизнесі; туризм мен мәдениет саласы.

 

    Сарапшылардың айтуынша, егер кәсіпкерлердің кемінде 20%-ы TikTok-ты белсенді пайдаланса, алдағы 2–3 жылда платформа арқылы тапқан табыс көлемі екі есеге өсуі ықтимал. Бұл – отандық бизнестің цифрлық нарыққа бейімделуінің жаңа белесі.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться