Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2025-11-06 19:00:00

Следуй за нами

30

Қолжазбалар орталығында қолмен қағаз құю әдісі енгізілді

news single

    Қолжазбалар орталығында қолмен қағаз құю әдісі енгізілді-, деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Naryk.kz" телеграм каналына сілтеме жасап.   ҚР Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында көне кітаптар мен қолжазбаларды қалпына келтіру үшін қолмен қағаз құю әдісі тәжірибеге енгізіле бастады.

 

    Бұл технология түпнұсқаға барынша жақын қағаз жасауға мүмкіндік беріп, реставрация кезінде жоғалған парақтар мен бөліктерді қалпына келтіруге қолданылады. Орталық мамандары қағазды реставрациядан қалған қиындылар мен жарамсыз материалдарды қайта өңдеу арқылы дайындайды. Сонымен қатар, шетелден әкелінген қағаз массасымен де тәжірибе жүргізілген.

 

     Қағаз жасау процесі XIII–XIV ғасырларда Еуропа мен Азияда қолданылған дәстүрлі әдістерге негізделген. Талшықты масса арнайы қалыпқа құйылып, сүзілген соң табиғи жолмен кептіріледі. Қажет болса, дайын парақтар метилцеллюлозамен желімделіп, агат тасы арқылы жылтыратылады.

 

     Дайын қағаз жыртылған беттерді қалпына келтіру, жоғалған бөліктерді толықтыру және уақыт әсерінен зақымданған кітаптар мен қолжазбаларды жаңғыртуда пайдаланылады. Министрлік қолмен қағаз құю технологиясын енгізу ұлттық мұраны сақтау ісінде маңызды қадам екенін атап өтті.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться