Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2025-11-06 23:14:00

Следуй за нами

17

Astana Media Week 2025 Астанада өз жұмысын бастады

news single

     Бүгін, 6  қарашада, Астанадағы «Қазмедиа» орталығында Astana Media Week 2025 форумы ашылды,- деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Naryk.kz" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

   Тоғыз жыл ішінде бұл форум Қазақстан медиа саласын дамытуға арналған басты кәсіби алаңға айналып, халықаралық және отандық медиасарапшыларды, медиабизнес өкілдерін және мемлекеттік құрылымдарды біріктіріп келеді. Алғашқы күн «Цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріндегі журналистиканың жаңа бағыттары: қоғам сенімі және даму» атты пленарлық сессиямен басталды.

 

   Форум қатысушыларына ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаты жолданды. «Ақпарат – бүгінгі күннің ең басты ресурсы. Осындай алаңдарда біз өзекті мәселелерді ашық талқылап, медиа мен мемлекеттік саясатқа қатысты маңызды шешімдер қабылдай аламыз. Мемлекет басшысы атап өткендей, қоғам, медиа және мемлекет арасындағы өзара байланыс «Әділетті Қазақстанды» құрудың берік негізіне айналуы тиіс», – делінген министрдің құттықтауында. Аида Балаева Digital News Report зерттеуіне сүйене отырып, қазақcтандықтардың бұқаралық ақпарат құралдарына сенім деңгейі Орталық Азия елдері арасында жоғары екенін мәлімдеді.

 

      Бұл – ақпараттық саладағы жүйелі реформалардың нәтижесі екенін атап өтті. Министр Қазақстанда халықаралық стандарттарға, оның ішінде Digital Services Act қағидаттарына негізделген «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заң қабылданғанын айтты. Сонымен қатар жаңа «Масс-медиа туралы» заң редакциялардың мәртебесін күшейтіп, журналистерді қорғау тетіктерін кеңейтті. Қазіргі уақытта ақпараттық кеңістіктегі өзгерістерге сай қосымша түзетулер әзірленіп жатыр.

 

     Пленарлық отырыста ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов, Euronews өкілдері, Өзбекстан медиа қауымдастығы, TRT және «Жетінші арна» басшылығы баяндама жасады. Форум жұмысы «Журналистика тоғысында: жасанды интеллект қатысатын цифрлық медианың қалыптасуы» атты панельдік сессиямен жалғасты. Мұнда қазіргі медиа нарықтың трансформациясы және стримингтік платформалар нарығының дамуы талқыланды. Алдағы екі күнде медиаорталықта контент-маркет өтеді.

 

    Онда продакшн-компаниялар, дистрибьюторлар және платформалар жаңа жобалар, ко-продукциялар және халықаралық әріптестік мүмкіндіктерін таныстырады. Жобалар Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Қытай нарықтарына бағытталмақ. Форум 7 қарашаға дейін жалғасады. Бағдарламада пленарлық және панельдік талқылаулар, жабық питчинг-сессиялар және жетекші сарапшылар өткізетін мастер-класстар бар. Белсенді қатысушылар стримингтік сервистерге жылдық жазылымдар және Самарқанға сапар секілді сыйларға үміткер бола алады.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться