Автор: ADMIN
АҚШ-та гепатит, герпес, COVID-19 жұқтырған зертханалық маймыл қашып кетті
АҚШ-тың Миссисипи штатында полиция жол апатынан кейін қашып кеткен зертханалық маймылды іздестіріп жатыр. Билік мәліметінше, жануарға гепатит C, герпес және коронавирус инфекциялары жұқтырылған, деп хабарлайды Shalqar.kz BILD ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға 28 қазанда Хайдельберг қалашығының маңында болды. Тьюлейн университетінің медициналық зертханасынан макакалар тобын тасымалдап келе жатқан жүк көлігі жол жиегіне шығып кеткен. Жан-жаққа шашылған ағаш жәшіктер арқылы бірнеше жануар қашып кеткен. Полиция дерегінше, маймылдардың басым бөлігі ұсталды, алайда біреуі әлі күнге дейін таптырмай жүр.
Билік тұрғындардан жануарға жақындамауды және оны ұстауға әрекет жасамауды сұрады.
«Біз әлі де бостандықта жүрген бір маймылды іздеуді жалғастырып жатырмыз. Ешқандай жағдайда оны ұстамаңыздар, бұл денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін», делінген полиция мәлімдемесінде.
Лаборатория мәліметінше, бұл вирус жұқтырылған жануарлар жыныстық инфекциялар және респираторлық вирустар бойынша зертханалық сынақта қолданылған.
Еске сала кетсек, Қызылордада жануар тістеген 1,5 мыңнан астам адам дәрігерге жүгінген.
Ал Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы қаңғыбас жануарлардан дерматомикоз жұғуы мүмкін екенін хабарлады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Po proektu Konstitucii postupilo bolee 10 tısyaç obraşeniy
По проекту Конституции поступило более 10 тысяч обращений
وليمپيادا-2026: قازاقستاندىق موگۋلشى قىزدار جۇلدەسىز قالدى
Последние новости
Konstituciya jobası boyınşa 10 mıñnan astam ötiniş tüsti
كونستيتۋتسييا جوباسى بويىنشا 10 مىڭنان استام وتىنىش تۇستى
Po proektu Konstitucii postupilo bolee 10 tısyaç obraşeniy