Автор: ADMIN
Азаматтарға арналған автолизинг желтоқсанда іске қосылады
1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда жаңа қаржылық құрал — жеке тұлғаларға арналған автолизинг жүйесі жұмыс істей бастайды. Механизмді Сауда және интеграция министрлігі әзірледі және ол ішкі сауда ережелеріне енгізілетін өзгерістер жобасына қосылды.
Бұл туралы Мәжіліс депутаты, Respublica партиясының мүшесі Олжас Құсбеков Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Оның айтуынша, 1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда жаңа қаржылық құрал — жеке тұлғаларға арналған автолизинг жүйесі жұмыс істей бастайды. Бұл бастама президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік жүктемені азайту және халықты қолдау жөніндегі дағдарысқа қарсы шаралар аясындағы тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатыр.
Бұған дейін мемлекет басшысы азаматтарға автокөлік қолжетімділігін арттыру шараларын кеңейтуді тапсырған болатын. Енді жеңілдетілген автонесие бағдарламасымен қатар, азаматтар үшін автокөлікті лизинг арқылы алу, кейін оны сатып алу немесе қайтару мүмкіндігі пайда болады.
Механизмді Сауда және интеграция министрлігі әзірледі және ол ішкі сауда ережелеріне енгізілетін өзгерістер жобасына қосылды. Құжат «Ашық НҚА» порталында жария талқылауға шығарылды.
Депутат Олжас Құсбековтың айтуынша, дәл осындай мүмкіндік енгізу идеясын Respublica партиясы 2023 жылы алғаш болып ұсынған.
«Көлік сатып алудағы қаржылық қиындықтар көптеген қазақстандыққа таныс. Барлығының бірдей қымбат несие алуға немесе бастапқы жарнаны жылдар бойы жинауға мүмкіндігі жоқ. Біз бұл мәселені екі жыл бұрын көтерген едік, бүгін сол бастама жүзеге асып отыр: президенттің тапсырмасы бойынша жеке тұлғаларға арналған автолизинг тетігі іске қосылады. Бұл — азаматтар үшін көлікті шынымен қолжетімді етудің нақты қадамы», — деді депутат.
Сауда және интеграция министрлігі автолизингті енгізу көлікке қолжетімділікті арттырып, ішкі нарықты дамытуға және бәсекелестік ортаны нығайтуға ықпал етеді деп отыр.
«Біздің міндетіміз — лизингті басқа шарттағы автонесиеге айналдырмай, шынымен де халыққа ыңғайлы, икемді әрі тиімді құралға айналдыру», — деп қосты Олжас Құсбеков.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Olimpiyskiy prizer Däulet Şabanbay prigovoren k trem godam lişeniya svobodı
Olimpiada jüldegeri Däulet Şabanbay üş jılğa sottaldı
Последние новости
Olimpiada jüldegeri Däulet Şabanbay üş jılğa sottaldı
وليمپيادا جۇلدەگەرى داۋلەت شابانباي ۇش جىلعا سوتتالدى
Olimpiyskiy prizer Däulet Şabanbay prigovoren k trem godam lişeniya svobodı