Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2025-11-07 14:51:00

Следуй за нами

35

Kaspi Alaqan төлем қызметі қауіпсіздік талаптарына сай келмесе, оның жұмысы шектелуі мүмкін

news single

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова Kaspi Alaqan биометриялық төлем қызметі мемлекеттік сараптамадан өтпеген жағдайда оның жұмысына тыйым салынуы мүмкін екенін мәлімдеді,- деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Naryk.kz" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

       Агенттік төрағасының айтуынша,  жаңа төлем технологияларын енгізу кезінде азаматтардың биометриялық деректерінің қорғалуы басты назарда болуы тиіс. «Жаңа қаржы өнімдері жеке деректерді сақтау және қорғау талаптарына сай келуі қажет. Деректер қалай сақталады? Кім және қандай мақсатта пайдаланады? Бұл алаяқтықтың жаңа түріне әкеп соқтырмай ма?

 

     Осы мәселелердің барлығы мұқият тексерілуі тиіс», — деді Мадина Әбілқасымова. Қазір банктер жаңа финтех сервистерді дамытуда. Алайда, Қазақстанда бірыңғай қауіпсіз биометриялық база әлі қалыптаспаған. Мемлекет оны құру қажеттігін айтып отыр. Агенттік қауіпсіздік талаптары бұзылған жағдайда кез келген өнімді нарықта пайдалануға тыйым салуға құқылы екенін ескертті.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться