Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2025-11-07 22:05:00

Следуй за нами

19

Оқушылардың сабақта смартфон қолдануы үшін ата-аналарға айыппұл салынуы мүмкін

news single

    Оқушылардың сабақта смартфон қолдануы үшін ата-аналарға айыппұл салынуы мүмкін,- деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

    Қазақстанда мектеп оқушыларының сабақ кезінде смартфон пайдалануына заңмен тыйым салынған. Бұл талап орындалмаған жағдайда жауапкершілік ата-аналарға жүктеледі. Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова мәлімдеді. Вице-министрдің айтуынша, «Білім туралы» заңда оқу процесі кезінде мобильді телефондарды қолдануға шектеу белгіленген.

 

    Бұл норманың орындалуын қамтамасыз етпеген жағдайда ата-аналарға «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 409-бабы бойынша шара қолданылады. «Егер талап бірінші рет бұзылса, ата-анаға тек ескерту беріледі. Ал қайталанған жағдайда айыппұл салынады», – деді Мелдебекова. Министрлік мәліметінше, шектеудің басты мақсаты — оқу процесінің сапасын арттыру және балалардың алаңсыз білім алуына жағдай жасау.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться