Автор: ADMIN
Тыңшылық қаупіне байланысты. Израиль қытайлық көліктерді тәркілей бастады
Израильде армия офицерлерінің пайдалануындағы қытайлық қызметтік көліктерді тәркілеу басталды, деп хабарлайды Shalqar.kz Israel News агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл шешім қауіпсіздік қызметтері жүргізген тексерістен кейін қабылданған. Тексеру нәтижесінде кейбір қытайлық автокөліктің кіріктірілген жүйелері әскери қызметкерлерді аңду және құпия деректерді жинау үшін пайдаланылуы мүмкін екені анықталған.
«Мәселе тек камера мен микрофонда емес. Қазіргі көліктерде жабық операциялық жүйе мен сымсыз байланыс бар. Ол жақын маңдағы нысандардан барлау деректерін жинай алады»,- деп түсіндірді журналистерге Израильдің бұрынғы жоғары лауазымды офицері.
Көліктерді тәркілеу кезең-кезеңімен жүзеге аспақ. Процесс 2026 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.
Израиль әскерилерінің бағалауынша, шамамен 700 көлік тәркіленеді. Олардың көпшілігі — Chery маркалы жеті орынды автомобильдер.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
پۋتين كاسىپكەرلەرگە ۋكرايناعا قارسى سوعىسقا قارجى سالۋدى ۇسىندى
YAponiya planiruet zakupat' neft' iz Kazahstana
Япония планирует закупать нефть из Казахстана
Последние новости
Japoniya Qazaqstannan mwnay aludı josparlap otır
جاپونييا قازاقستاننان مۇناي الۋدى جوسپارلاپ وتىر
YAponiya planiruet zakupat' neft' iz Kazahstana