Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2025-11-09 00:21:00

Следуй за нами

51

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны WTA қорытынды турниріндегі жеңісімен құттықтады

news single

      Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны WTA қорытынды турниріндегі жеңісімен құттықтады ,- деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

     Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Елена Рыбакинаны Эр-Риядта өткен WTA маусым қорытынды турнирінде жеңіске жетуімен құттықтап, арнайы үндеу жолдады. «Сіз беделді жыл қорытындысы турнирінде жоғары шеберлік пен ерекше жігердің үлгісін көрсете отырып, жеңіске жеттіңіз.

 

    Қазақстандық және әлемдік теннис тарихындағы бұл аса маңызды жетістігіңізбен шын жүректен құттықтаймын», – деді Президент. Мемлекет басшысы сондай-ақ Елена Рыбакинаның спортты дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өтті.

 

    «Сіздің жеңісіңізді және Қазақстанда теннистің кеңінен танылуына қосқан еңбегіңізді ескере отырып, Сізді ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойдым», – делінген құттықтауда. Президент Рыбакинаға зор денсаулық, табыс және ел абыройын асқақтататын жаңа жеңістер тіледі.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться