Автор: ADMIN
Қазақстанның бірнеше өңірінде оқушылар қашықтан оқыту форматына ауысты
Еліміздің бірқатар аймағында ауа райының қолайсыздығына байланысты мектептер қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды Shalqar.kz
• Астана қаласы: 0-ден 9-сыныпқа дейінгі 1-ауысымдағы оқушылар онлайн оқуға көшті. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің мониторинг және жедел әрекет ету орталығы хабарлады.
“2025 жылдың 22 қаңтарында ауа райының қолайсыздығына байланысты 1-ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшеді”, – делінген хабарламада.
• Павлодар облысы: Қатты желдің күшеюіне байланысты (екпіні 21 м/с дейін) Ақсу қаласы мен ауылдық аймақта 1-ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды. Бұл 3123 оқушыны қамтыды. Оқушыларды мектепке жеткізу тоқтатылды. Павлодар қаласында да мектепке дейінгі және 1-11 сынып оқушылары қашықтан оқытуға жіберілді. Бұл шешім 9-сынып базасында оқитын 1-2 курс студенттеріне де қатысты.
• Абай облысы: Ауа райының қолайсыздығына байланысты 1-ауысымдағы оқушылар үшін сабақтар тоқтатылды.
Аталған шешімдер оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Қостанай мен Ташкент арасында тікелей әуе рейсі ашылады
وتكروەتسيا پرياموي اۆيارەيس مەجدۋ كوستاناەم ي تاشكەنتوم
Последние новости
Qostanay men Taşkent arasında tikeley äue reysi aşıladı
قوستاناي مەن تاشكەنت اراسىندا تىكەلەي اۋە رەيسى اشىلادى