Автор: ADMIN
Қазақстанда қалдықтарды қайта өңдейтін жаңа зауыттар пайда болады
Қазақстанда тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу бағытында 41 зауыт салу жоспарланып отыр. Бұл мәселе Үкімет отырысында талқыланды,деп хабарлайды Shalqar.kz
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің дерегінше, қазіргі уақытта жалпы құны 307 млрд теңгені құрайтын 65 жоба қаралуда. Олардың ішінде 41 жоба қоқысты қайта өңдеуге бағытталған.
Бұл зауыттардың жылдық өңдеу қуаты 1,1 млн тоннаны құрайды деп күтілуде. Аталған жобаларды іске асыру арқылы елімізде 4,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, экономикаға 54,6 млрд теңге жеке инвестиция тартылмақ.
Экологияны жақсарту мен қалдықтарды тиімді пайдалануды көздейтін бұл бастама еліміздің тұрақты дамуына оң ықпалын тигізеді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Qostanay men Taşkent arasında tikeley äue reysi aşıladı
وتكروەتسيا پرياموي اۆيارەيس مەجدۋ كوستاناەم ي تاشكەنتوم
Последние новости
Qostanay men Taşkent arasında tikeley äue reysi aşıladı
قوستاناي مەن تاشكەنت اراسىندا تىكەلەي اۋە رەيسى اشىلادى