Автор: ADMIN
Брюссельде Қазақ мәдени орталығы ашылды
Бельгия астанасында шетелде тұратын отандастарды қолдауға және гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған жаңа алаң - Қазақ мәдени орталығы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Shalqar.kz. Бұл орталықта балалар мен ересектер қазақ тілін үйреніп, ұлттық дәстүрлермен танысып, шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, туған елдің мәдениетімен байланысын сақтай алады.
Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Роман Василенко орталықтың ашылуы мәдени ынтымақтастықты кеңейтуге серпін беретінін атап өтті:
«Қазақ мәдени орталығының ашылуы шетелде тұратын отандастарымызды қолдаудағы маңызды қадам. Бұл жоба тілімізді, дәстүрімізді және мәдени бірегейлігімізді, әсіресе жастар арасында, сақтауға өз үлесін қосады», – деді.
Қазақ мәдени орталығы тұрақты негізде жұмыс істеп, тіл курстарын, шығармашылық студияларды, домбыра сабақтарын, мәдени бағдарламалар мен білім беру бастамаларын ұсынады. Орталық Еуропада тұратын қазақстандықтар үшін маңызды бас қосу орнына айналып, Бельгия мен Қазақстан арасындағы рухани-мәдени көпір болмақ.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
داجە بەزرابوتنىي وبيازان پلاتيتь اليمەنتى
200 شەشىمنىڭ 8-ى زاڭسىز: اباي وبلىسىندا شەنەۋنىكتەر جازالاندى
Jwmıssız adam da aliment töleuge mindetti
Последние новости
Jwmıssız adam da aliment töleuge mindetti
جۇمىسسىز ادام دا اليمەنت تولەۋگە مىندەتتى
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı