Автор: ADMIN
Алматыда жыл соңына дейін 20-дан астам мұз айдыны ашылады
Алматыда 3,6 мыңнан астам спорт нысаны жұмыс істейді, деп хабарлайды Shalqar.kz. Бұл туралы қалалық Спорт басқармасының өкілдері айтты.
2024–2025 жылдары алты жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді, сондай-ақ жеке инвестиция есебінен екі спорт кешені бой көтерді. Алатау ауданындағы Нұркент шағынауданында инвесторлар аяқтаған жаңа теннис орталығы ашылды. «Тұлпар» кешені ұлттық спорт түрлерін дамыту үшін коммуналдық меншікке қайтарылды, Райымбек даңғылында ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған спорт орталығының құрылысы басталды.
2027 жылдың соңына дейін Наурызбай, Алатау және Түрксіб аудандарында жалпы ауданы 71 мың шаршы метр болатын алты дене шынықтыру-сауықтыру кешені салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ үш спорт мектебін жаңғырту көзделген: №9 спорт мектебі үшін сейсмикалық күшейтумен бірге күрделі жөндеуге құжаттама әзірленіп жатыр; спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат сараптаманың оң қорытындысын алды; №2 спорт мектебі үшін күрделі жөндеу жобасы жасалып жатыр.
Бұған қоса, жыл соңына дейін Алматыда 20-дан астам мұз айдынын ашу жоспарланған, деп атап өтті қалалық Спорт басқармасының өкілдері.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Milan–Kortina Paralimpiadası: qazaqstandıq sportşılar finalğa ötti
Дело Жанабыловых направлено в суд
Последние новости
Delo Janabılovıh napravleno v sud
دەلو جانابىلوۆىح ناپراۆلەنو ۆ سۋد
Дело Жанабыловых направлено в суд