Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2025-11-24 11:32:00

Следуй за нами

27

Қазақстанда балаларға зиянды 38 мың интернет-ресурс бұғатталды

news single

Кибершабуыл жас талғамайды. Қазір алаяқтар балаларға да «тіс сала» бастады, деп хабарлайды Shalqar.kz. Елде жасөспірімдерге зиянды әрі заңға қайшы контенті бар 38 мыңнан астам интернет-ресурс бұғатталған. Ендігі мәселе балалардың киберқауіпсіздігін кім қамтамасыз етеді? Қайтпек керек? «Киберқадағалау» жүйесі арқылы балаларға зиянды контенті бар 38 мыңнан аса интернет-ресурс анықталып, бұғатталды. Мамандар жасөспірімдердің цифрлық ортада белсенділігі артқанын айтады. Кейде мұның бәрін бақылау қиындап кетеді. Әйтсе де әр отбасы кибергигиенаны сақтау маңызды. Абылай Исин, сарапшы: - Киберсауат дегеніміз не? Мұны ең бірінші ата-аналар жақсы түсінуі керек. Мысалы Egov порталында кибергигиенаға байланысты 20 шақты видео жүктелген. Соны әрбіріңіз қарап шығыңыз. Киберсауатты болмай, біз балаларымызды қорғай алмаймыз. Бірақ тыйым салмау керек, өйткені балалар тыйған нәрсеге әуес келетіні белгілі. Сол себепті оның дұрыс-бұрысын ұдайы түсіндіріп отыру қажет. Күзде дропперлерді жазалау заңды күшіне енді. Тек бұл да алаяқтарды тоқтатар емес. Енді олар өзінің құйтырқы әрекетіне балаларды араластыра бастады. Әсіресе жас өреннің психологиялық күйімен ойнайтындар көп. Өкінішке қарай, түрлі сілтемеге өтіп, жеке деректерді таратудың салдары бар. Мұны ата-ананың өзі білмей жатады. Мысалы, дропперлікке іліккен баланың әке-шешесі жауапкершілікке тартылатынын ұмытпаңыз. Әлеуметтік желілер, түрлі виртуалды ойындар, жалған сайттар. Бала тұрмақ, үлкеннің өзін арбап алатын цифлық әлемнен қашып құтыла алмаймыз. Бұл да өмір салтымызға айналғаны рас. Таяуда ІІМ заңға қайшы контент үшін жауапкершілік жүктеу жайын көтерген еді. Елде «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Заң бар. Оның аясында мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін, сондай-ақ қауіпті контентке мониторинг жүргізу, талдау және бұғаттау тетіктері айқындалады. Ал балаға техникалық шектеу жасау, қателік екенін айттық. Сол себепті кішкентайларға бөтен емес, өзіңіз жақын болыңыз. Өзгенің себепсіз ұсынысы ертең опық жегізетінін бала да ұғынуы тиіс.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться