Автор: ADMIN
Нигерияда қарулы топ 25 мектеп оқушысын ұрлап, мұғалімдерін өлтіріп кетті
Нигерияның солтүстік-батысындағы Кебби штатында қарулы содырлар мектеп-интернатқа баса көктеп кіріп, 25 қыз баланы ұрлап әкетіп, олардың мұғалімі мен күзетшісін атып өлтірді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Қанды шабуыл таңғы сағат төрт шамасында Мага елді мекенінде болған. Куәгерлердің айтуынша, содырлар ондаған мотоциклмен келіп, алдымен мұғалімнің үйіне баса-көктеп кіріп, оны атып тастаған. Кейін күзетшіні өлтіріп, қыздар ұйықтап жатқан жатақханаға кірген.
Нигерия полициясының өкілі Нафиу Абубакар Котаркосидің мәліметінше, шабуыл жасағандар заманауи қарумен қаруланған және күзетпен атысқан. Қазір арнайы жасақтар орманды аймақтар мен ықтимал бағыттарды тексеріп, оқушыларды іздестіріп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, екі адам қаза тапқан.
«Бізге олардың көптеген мотоциклмен келгенін айтты. Алдымен мұғалімнің үйіне барып, оны өлтірген, кейін күзетшіні атып, қыздардың жатақханасына кірген», – деді жергілікті тұрғын Абдулкарим Абдуллахи Мага.
Қазіргі уақытта бұл шабуыл үшін ешбір ұйым жауапкершілікті мойнына алған жоқ.
Нигерияда соңғы жылдары қарулы топтар мен бандылар адамдарды ақша үшін жиі ұрлап әкетеді. 2014 жылы «Боко Харам» ұйымы Чибок қаласында 276 қызды ұрлап кеткен болатын. Сол кезден бері елде кемінде 1500-ден астам оқушы содырлардың қолына түскен.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Po proektu Konstitucii postupilo bolee 10 tısyaç obraşeniy
По проекту Конституции поступило более 10 тысяч обращений
كونستيتۋتسييا جوباسى بويىنشا 10 مىڭنان استام وتىنىش تۇستى
Последние новости
Konstituciya jobası boyınşa 10 mıñnan astam ötiniş tüsti
كونستيتۋتسييا جوباسى بويىنشا 10 مىڭنان استام وتىنىش تۇستى
Po proektu Konstitucii postupilo bolee 10 tısyaç obraşeniy