Автор: ADMIN
Маңғыстауда батыр бала дүниеге келді: салмағы 5,7 келі
Маңғыстау облысында салмағы 5,7 келіден асатын ұл бала дүниеге келді. Анасы мен сәбидің жағдайы жақсы, деп хабарлайды “Shalqar.kz” сайты.
Бұл – отбасының екінші баласы. Алғашқы сәбиін 2022 жылы анасы 4 320 грамм салмақпен босанған болатын. Анасының жүктілік кезінде гестациялық қант диабеті болған. Қазіргі уақытта анасы мен баласының жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында.
Облыстық перинаталдық орталықтың мәліметінше, ауыр салмақтағы сәбидің дүниеге келуі денсаулыққа елеулі қауіп төндіруі мүмкін:
“Ата-аналар ауыр салмақтағы сәбидің дүниеге келуін қуанышпен қабылдайды. Алайда, көп жағдайда мұндай жағдайлар ананың да, сәбидің де денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін екенін ескере бермейміз. Нәрестенің үлкен салмағы (макросомия) ана үшін қауіпті: табиғи босану кезінде қынап пен жұмсақ тіндердің жыртылуы, жатыр атониясынан кейінгі қан кету қаупі артады.”
Дәрігерлер мұндай жағдайларда әйелдердің денсаулығына ерекше назар аударып, босанудан кейінгі кезеңде де бақылау жүргізудің маңыздылығын атап өтті.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
200 شەشىمنىڭ 8-ى زاڭسىز: اباي وبلىسىندا شەنەۋنىكتەر جازالاندى
Даже безработный обязан платить алименты
Последние новости
Jwmıssız adam da aliment töleuge mindetti
جۇمىسسىز ادام دا اليمەنت تولەۋگە مىندەتتى
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı