Автор: ADMIN
Әлемде сүрбойдақ пен кәрі қыз саны 100 млн-ға артты
Демографияға көз жүгіртуіміздің бір себебі қазір әлемде сүрбойдақ пен кәрі қыз көбейді, деп хабарлайды Shalqar.kz “Economist” басылымына сілтеме жасап. Economist басылымының дерегі бойынша орда бұзар отызға жетсе де, үйленуге, үй болуға асықпайтын жастар бар және олар кедей-кепшік емес, экономикасы дамыған 30 елде көп. Мәселен, АҚШ-та қыздардың 41%-і, ал ерлердің 50%-і бойдақ. Бұған не себеп? Виртуалды әлем адамдар арасында шынайы қарым-қатынас пен сезімге сызат түсіргендей. Тіпті әлемнің дамыған елдерінде, яғни тұрмыс тіршілігі тәуір қыз-жігіттер отбасын құруға асығар емес. Әлемде сүрбойдақ пен кәрі қыз көбейді Кейінгі 8 жылда жаһанда сүрбойдақ пен кәрі қыз саны 100 млн-ға артты. Мұны Economist басылымының зерттеуі көрсетті. Мәселен, әлеуметтік желі арқылы өмірлік серігін іздейтін бұрымдылар бойы 180 сантиметрден асатын жігіттерді іздейді. Сұңғақ бойлы ерлер аз болғандықтан, бойдақ жігіттердің 85%-і бұл сүзгіден өте алмайды. Келесі критерий – білім деңгейі. Дамыған елдерде оқыған-тоқыған азаматтардың саны қыз-келіншектерге қарағанда көп емес. Яғни бұрымдылар өмірдің қызығы мен қиындығын қатар көруге қорқатын тәрізді. Сондықтан арман шіркін алдамаса, бірден бақуатты жігітке тұрмысқа шыққысы келеді. Ендігі бір сорақысы, кей елде жар таба алмай жүрген еркектер роботқа үйлену жағын ойлана бастаған. Мәселен, Жапонияда некесін қидырып жатқандар да бар.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
الماتىدا گەرمانييا ازاماتىنىڭ بانك شوتىن توناعان كۇدىكتى ۇستالدى
Последние новости
Almatıda Germaniya azamatınıñ bank şotın tonağan küdikti wstaldı